Балабақша туралы
Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Жас ұрпақтың тәрбиесі алдымен балабақшадан басталады. Біздің балабақша 2018 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Балабақша ғимараты заманауи үлгіде, типтік жобада салынған, материалдық техникалық базасы заман талабына сай жабдықталған 3 топтық 75 орындық. Балабақша алаңы өз дәрежесінде жабдықталған жеке топтарға арналған ойын алаңдары, балалар ойнайтын құралдар, әр топқа жеке балалар отырып ойнайтын көлеңкелі қоршау орындығымен (беседка), гүл алаңқайлары және балалардың денсулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған. Су, жылуы, кәріз жүйелері жекешелендірілген. Балабақшада өрт-дабыл қондырғылары және бейнебақылау камералары орнатылған. Балабақшаның ерекшелігі балалардың білім, білік, дағдылардын қалыптастыратын «Жұлдыз», «Ботақан» және «Құлыншақ» топтары толық жабдықталып жұмыс жүргізуде..Балабақшаның негізгі жұмыс бағыттары еліміздің ертеңгі болашақ ұрпақтарын тәрбиелеуде Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын басшылыққа ала отырып, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасымен жұмыс жасайды. Тәрбие мен оқыту процесінде жаңа инновациялық технологияларды қолдану барысында балалардың логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін, шығармашылығын дамытатын әдістері қолданылады.

«Мыңғасыр» жекеменшік балабақшасының негізгі мақсаты: тәрбие мен оқытуда ойын арқылы инновациялық әдістермен технологияларды қолдана отырып, дені сау, дербес, білуге құмар, тіл табысқыш, сыни тұрғысынан ойлайтын балаларды толыққанды дамыту, баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру мақсатында жүргізіліп, «Физикалық қасиеттері», «Коммуникативтік дағдылары», «Танымдық және зияткерлік дағдылары», «Шығармашылық дағдыларының зерттеу іс әрекетінің дамуы» және «Әлеумет эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру» білім беру іс әрекеттерін кіріктіру арқылы жүзеге асырылады. Балалардың креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілігін дамытуға және командада жұмыс істей білулеріне басты назар аударылады. Баланы креативті дербес, тіл табысқыз етіп тәрбиелеп, басқаларды тыңдауға және командада жұмыс істеуге үйрету үшін жұмыста білім берудің заманауи үлгісінің қағидаттарын пайдаланылады, жаңартылып отыратын мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік бағдарламасы арқылы жаңартылып жүзеге асырылып отырады. Балабақша ұжымы келешек ұрпақтың тәрбиелі болып өсуіне аянбай қызмет етуде. және үнемі шығармашылық ізденіс жолында. Тәуелсіз еліміздің бақытты балдырғандарына білім, тәрбие беруде, әр баланың балалық шағын ашу-ызаға емес, бақытқа толтыруға тырысқанымыз жөн.
«Тұмар» жекеменшік балабақшасының негізгі мақсаты: тәрбие мен оқытуда ойын арқылы инновациялық әдістермен технологияларды қолдана отырып, дені сау, дербес, білуге құмар, тіл табысқыш, сыни тұрғысынан ойлайтын балаларды толыққанды дамыту, баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру мақсатында жүргізіліп, «Физикалық қасиеттері», «Коммуникативтік дағдылары», «Танымдық және зияткерлік дағдылары», «Шығармашылық дағдыларының зерттеу іс әрекетінің дамуы» және «Әлеумет эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру» білім беру іс әрекеттерін кіріктіру арқылы жүзеге асырылады. Балалардың креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілігін дамытуға және командада жұмыс істей білулеріне басты назар аударылады. Баланы креативті дербес, тіл табысқыз етіп тәрбиелеп, басқаларды тыңдауға және командада жұмыс істеуге үйрету үшін жұмыста білім берудің заманауи үлгісінің қағидаттарын пайдаланылады, жаңартылып отыратын мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік бағдарламасы арқылы жаңартылып жүзеге асырылып отырады. Балабақша ұжымы келешек ұрпақтың тәрбиелі болып өсуіне аянбай қызмет етуде. және үнемі шығармашылық ізденіс жолында. Тәуелсіз еліміздің бақытты балдырғандарына білім, тәрбие беруде, әр баланың балалық шағын ашу-ызаға емес, бақытқа толтыруға тырысқанымыз жөн.
Балабақша суреттері
Made on
Tilda